Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Полицияға Ақсу қаласының тұрғыны 2018 жылғы сәуірде компьютерлік техниканы сататын дүкенде бір банкінің менеджері 500 мың теңге несиені оған заңсыз ресімдегені туралы шағымданды, - деді баспасөз қызметінде. – Ұқсас шағымдар Ақсу қаласының басқа да тұрғындарынан түсе бастады. Күдікті негізінде 500 мың теңге көлеміндегі несиелерді тіркеген.

Іс-шара өткізу барысында күдікті Алматы қаласында ұсталды. Жас адам қала банкілерінің бірінде менеджер болып істей отырып, компьютерлік техниканы сату дүкенінде тұрғындарға заңсыз тұтынушылық несиелер ресімдеген.

Күдікті заңсыз несиелердің көбін 2018 жылдың мамыр айынан бастап тамыз айына дейін ресімдегені анықталды. Осылайша 9 млн теңгеге заңсыз байыған күдікті қыркүйек айында белгісіз бағытта ақшамен жасырынып кеткен.

Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу өндіріспен аяқталды және әрі қарай сотқа тапсыру үшін прокуратураға жіберілді.

pavlodarnews.kz

Тэги: алаяқ, қылмыс, ПД