Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Павлодар-Қызылорда бағытында патрульдеу барысында полиция қызметкерлері түн уақытында күдік тудырған «УАЗ» автокөлігін тоқтатты, - деді баспасөз қызметінде.
– 47 жастағы жүргізушіден алкогольдің иісі шығып, көліктің ешбір құжаты табылмаған. Полицейлер ер адамның көлікті ұрлағанын анықтады.

Департаменттің мәлімдеуінше, Үштерек ауылының маңындағы шаруа қожалықтардың бірінде жұмыс жасайтын күдікті алкогольдік ішімдік ішіп алып, түнгі уақытта шаруашылықтың «УАЗ» көлігін мініп кеткен. Шаруа қожалығының иесі еш күдіктенбеген.

- Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, - деді департаментте.

Айта кетейік, 2019 жылдың басынан полицейлермен автокөлік ұрлаудың 21 оқиғасы ашылған.

Дулат Райымбек

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, көлік, ұрлық, ПД