МҚІСЖҚІА Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Жахин дебаттық ойындарға қатысу тиімді қызмет үшін маңызды екенін әрі сараптамалық және сыни ойлау, өз позицияларын қорғау, күтпеген жағдайларда жедел әрекет ету қабілеті сияқты икемді дағдыларды шыңдауға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

- Турнир екі тілдік лигада: қазақ және орыс тілдерінде өтіп, әрқайсысы 4 командадан жинақталды, - дейді МҚІСЖҚІА Павлодар облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметінде. - Турнирдің басты мақсаты - әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру, сондай-ақ студент жастарды ел алдында тұрған міндеттерге қол жеткізуге тарту.

Турнир қорытындылары бойынша мемлекеттік қызметшілер қатарынан Ақтоғай ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Саяуыш Садуақасов және мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Галина Романовская үздік деп танылды.

Студенттер лигасы тарапынан жүйрік шапқандар - ИнЕУ студенті Темірлан Алдажаров және ПМПУ студенті Ермұрат Торғай. Қазылар алқасының бірауыздан қабылданған шешімімен С.Торайғыров атындағы ПМУ студенті Елдос Мүслім «Үздік оратор» атанды.

Дебаттың аймақтық турнирінің жеңімпаздары кубоктар және дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өтетін республикалық ойындарға қатысатын болады.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам