Олардың бірі клинингтік компанияның жетекшісі Руслан Аманбаев «Таза үй» жобасын жүзеге асыру үшін қалалық әкімдіктен көмек сұрап жүгінген.

- Біз Астанада сегіз жылдай жұмыс істеп, жақсы нәтиже көрсете білдік, - дейді Руслан Аманбаев. - Әлі күнге дейін тұрғын үйлердің подъездерін жасы келген адамдар тазалайтыны белгілі. Біздің оқытылған мамандар арнайы киімдермен жүреді және оның компания қызметкері екенін бірден білуге болады. Басқа клинингтік компаниялар әрбір пәтерден 1000 теңгеден алатын алса, біздің бағамыз көп қабатты тұрғын үйдің алаңы үшін 1600 теңгені құрайды. Бұған қоса, өз материалдарымызды ұсынамыз. Тұрғындар тарапынан қандай да бір шағым түскен жағдайда дереу олқылықты жоямыз.

Аталған клинингтік компанияның қызметкерлері аптасына екі рет ылғалды және айына бір рет толығымен пәтерлердің есіктері мен терезелерін, жарнамаларды айнадай етіп тазалауды ұсынады.

Қала әкімі Ануар Күмпекеев бұл сұрақты тұрғын үй инспекциясымен бірге қарастырып, пилоттық режимде бір көпқабатты тұрғын үйді алуды ұсынды.

- Бүгінгі ең қызықты жобалардың бірі – клинингтік компанияның қызметі, - дейді Ануар Күмпекеев. – Екі аптадан соң жұмыстың нәтижесін көреміз. Қазіргі таңда бізде бұл қызметтерді жаңа форматта ұсынатын компаниялар бар. Кәсіпкердің ай сайынғы шығындары 30 мың теңгеге шықса, ПИК-тер 35 мың теңге салады. Осы тұсын қарастыру керек. Соңғы шешімді тұрғындардың өздері қабылдайды.

 Ақбота Сейсенбаева

Фото:  қала әкімінің баспасөз қызметі

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам