Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық ветеринария басқармасының басшысы Қайыржан Байжанов мәлім етті.

- Баянауыл ауданының Жаңатілек ауылында былтыр ақпан айында тіркелген бруцеллез ошағын жою бойынша көп жұмыс атқарылды, - дейді Қайыржан Байжанов. - 334 бас мал тапсырылып, 23,5 мың аумақта залалсыздандыру шаралары жүргізілді. Бұдан кейін аталған учаскеде қауіп жойылды. Екінші ошақ Ақсу қаласына қарасты Достық ауылдық округінің Төртқұдық ауылында биыл қаңтар айында анықталған. 

Басқарма басшысы Жаңатілекте ауру малдарды уақытылы тапсырмау фактілері салдарынан жұмыс бір жарым жылға созылса, Төртқұдықта төрт айдың ішінде аяқталғанын айтады.

- Мұндай нәтижеге тұрғындардың жедел әрекет еутінің арқасында қол жеткізілді, - дейді спикер. - Қазіргі таңда залалсыздандыру жүзеге асырылуда. Сондықтан келесі аптадан бастап аймақта бруцеллез  ошақтары қалмайды деп айтуға болады. Бруцеллезге қарсы көбінесе АҚШ және Чехия елінде шығарылатын «РБ 51» вакцинасы қолданылады. Бір басқа қолданатын дозасы 500 теңге тұрады.

Биылғы жылы бес айдың ішінде зерттеу жүргізілген 200 мың ірі қара малдың ішінен 2224 бас ауру мал анықталып, 1828-і тапсырылған. 2018 жылы ауруды анықтау әдісін ауыстыру өз нәтижесінде аталған дертке шалдыққан малдың саны 1612 басты құраған. Сондай-ақ, 208 мың ұсақ мал тексеріліп, анықталған 24 бастың барлығы союға тапсырылған. Өткен жылы 155 бас қойдың бруцеллезге шалдыққаны тіркелген.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам