Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Аталған 40 іс бойынша 98 келі 741 грамм түрлі есірткі тәркіленді, - деді баспасөз қызметінде. – Оның 81 келі 866 грамы – марихуана, 16 келі 770 грамы – наша, 1,4826 грамы – героин.

Екібастұз қаласында бір күнде есірткіге қатысты екі қылмыс анықталды. 50 жастағы ер адам қоңыр түсті сұйықтығы бар шприцпен ұсталса, қаланың 32 жастағы тұрғынының қалтасынан сұры-жасыл түсті өсімдік зат табылған.

- Аталған істерге қатысты сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 296 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деді департаментте.

Фото: en.ppt-online.org

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, есірткі, қылмыс, ПД