Шараның аудандық ішкі саясат бөлімі, С.Торайғыров атындағы аудандық мәдениет үйі және мемориалдық мұражай ұйымдастырды.

-    Қонақтарды «Беу, жігіттер!» халық ансамблі әсем әнмен қарсы алды, - деді ұйымдастырушылар. – Мұражай және ауылдық филиалдардың қызметкерлерінен құралған театр ұжымы көрермендер назарына академик өмірінің төрт кезеңінен сахналық қойылым ұсынды.



Қойылымда болашақ ғалымның есімін қою сәті, бала Қанышты «Ашамайға отырғызу» тойы, жас ғалым Қаныштың ұстазы Михаил Усовпен кездесуі, Қаныш Имантайұлының 1949 жылы туған жеріне келу сәті сахналанды.



Қойылымдардың сценариін жазып, сахналаған – мұражайдың бас қор сақтаушысы Ерлан Зікіров.



Бұдан кейін қонақтар түнгі музейге саяхат жасады. Мұражай экскурсаводы Әлия Кенжеболатқызы шара қонақтарын академиктің өмір жолымен және еңбегімен таныстырды. Сондай-ақ ғалым жайлы кітаптардың көрмесі де көрерменге мол мағлұмат берді.



Шарада Баянауыл өңіріне белгілі өнер шеберлері әннен шашу шашып, жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

pavlodarnews.kz

Тэги: Баянауыл, мұражай, Түнгі мұражай, Қаныш Сәтбаев