Бұл туралы BAQ.KZ хабарлайды.

Республиканың кей аймағында найзағай, тұман, жел күшейіп, дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстікте кей жерде шаңды дауыл болады.

Алматы облысының кей жерінде найзағай болып, түнде Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде найзағай, дауыл болып, жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін, Қарағанды облысында тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерінде найзағай, тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін, жел күндіз кей жерде 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысының кей жерінде найзағай, тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Түркістан облыстарында таңертең және күндіз кей жерінде найзағай түседі, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Павлодар облысының кей жерінде найзағай түседі, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні 18 м/с жетеді.

Күндіз Ақтөбе облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде 1-3 градус үсік түседі.

Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

pavlodarnews.kz

Тэги: