- Конкурсқа 12 облыстан 56 оқушы  қатысты, - дейді «Ертіс дарыны» өнірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі Дәмелі Саламбекова. -  Жас өрендер «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген», «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы», «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» атты эссе жазу, «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағыттары бойынша   ұлы баба мұрасынан өз білгендерін, ойға түйгендерін, болашақ қоғамға керек дегендерін ортаға салды

Қазылар алқасының шешімі негізінде 28 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды. Оның ішінде Павлодар қаласы Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Гүлнар Жанболат, Ы.Алтынсарин атындағы гимназия интернатының 11 сынып оқушысы Райымбек Тұрсынхан, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Айдана Қайырбаева бас жүлдегерлер атанды. Сондай-ақ, төрт оқушы І орын, сегізі ІІ орын және 12-сі ІІІ орынға лайық деп танылды.

Павлодар облысы білім беру басқармасы бас жүлде иегерлеріне – ұялы телефон, І орынға – POWER BANK, ІІ орынға - «Суретті өнер тарихы» энциклопедиясын, ІІІ орынға «Ғылым жыл өткен сайын» энциклопедиясын сыйлыққа тарту етті.

Ерекше көзге түскен оқушыға Ы.Алтынсарин атындағы гимназия интернатының 11 сынып оқушысы Райымбек Тұрсынханға С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқу грантын табыс етті.

Республикалық конкурсты ұйымдастыру комитеті барлық қатысушыларға сертификат, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірбаяны туралы жинақ-кітапша сыйға тартып, Павлодар облысының көрікті жеріне саяхат жүргізілді.

Бас жүлдегерлерді дайындаған мұғалімдер Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының мұғалімдері Асхат Тұрғанбек, Райгүл Мұхаметжанова, Қызылорда облысы Қызылорда қаласының № 274 орта мектебінің мұғалімі Марихан Демеуова және Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Назаргүл Ахметжанованы Павлодар облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сәуле Османова алғыс хатпен және «Әлихан Бөкейхан» энциклопедиясымен марапаттады.

Фото: «Ертіс дарыны» орталығы

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам