Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен аппарат кеңесінде жазғы демалыс кезінде балалардың демалысы мен сауықтыруын, бос уақытын ұйымдастыру туралы баяндаған өңірлік білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы айтты.

- Сондай-ақ «Галицкое» ЖШС-нің басшысы Александр Касицин үш мектеп жанындағы лагерьде жалпы саны 310 баланың тегін тамақтануына қаржылай қолдау танытты.  Жалпы, «Балаға жолдама сыйла» акциясы жалғасатын болады. Меценаттар және демеушілер жалпы сомасы 21,8 млн теңгеге 358 жолдама сатып алуды жоспарлауда, - дейді Дінислам Болатханұлы. 

Басқарма басшысының айтуынша, «Богатырь Көмір» ЖШС жалпы сомасы 12,6 млн теңгеге 200 жолдама, «ГРЭС-2» АҚ 3,1 млн теңгеге 50 жолдама, «Екібастұз ГРЭС-1» АҚ 1,1 млн теңгеге 50 жолдама, «Қазхром» ТНК АҚ филиалының Ақсу ферроқорытпа зауыты  1,5 млн теңгеге 30 жолдама және Павлодар ауданының «Луганск» ЖК жалпы сомасы 3,5 млн теңгеге 28 жолдама ұсынады.

Биылғы жылы ұйымдастырылған демалыс, сауықтыру және бос уақытты қамтумен 1-10 сынып оқушыларының жалпы санынан 98 мыңнан аса оқушыны немесе 98,8 %-ын қамту жоспарланған.

Демалыс, сауықтыру және бос уақытты қамтудың барлық түрлерін ұйымдастыруға облыстық, қала және аудан бюджеттері 557,8 млн теңге қарастырған. Оның ішінде: жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 375  млн теңге, демеушілер қаражаты – 150  млн теңге, кәсіподақ қаражаттары – 32 млн теңге.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: .Валерий Бугаев

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, білім