Осы ауылда орналасқан «Замандас» шаруа қожалығы егістік кешенінің мүмкіндіктері жұртшылық алдында көрсетілді.

Қожалық басшысы Балғабай Бақишевтің айтуынша, техника «Қазагрофинанс» АҚ арқылы сатып алынды.

- Шаруашылығымыз шынжыр табанды John Deere 9470 RX тракторы мен ені 18 метрлік John Deere 1890 тұқып сепкіш сатып алынды. Бұл өңделмеген топырақта жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бірегей техника. Біз машина-тракторлық паркімізді тұрақты түрде жаңартуға тырысамыз, - дейді Балғабай Бақишев.

Дәл қазіргі кезде егін егу науқаны қызып тұр. Ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер жаңа техника сатып алынуда.

Осы жолы Қазақстанға John Deere маркалы техниканың небары бес данасы әкелінді. Солардың екеуі Ертіс ауданына әкелінді.

Айбек Жұматов

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Ертіс ауданы, ауыл шаруашылығы, John Deere, Ағашорын