Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

"Балалардың демалысын ұйымдастыру – маңызды мәселе. Ол әр отбасыға қатысты", - деді ҚР Үкіметінің басшысы Асқар Мамин.

Қарағанды, Алматы, Павлодар облыстарында балаларды демалыспен және іспен шұғылданумен толықтай дерлік қамту көзделген. ҚР Үкіметінің басшысы қалған өңірлерге жаз мезгілінде балалардың демалысы мен бос уақытын тиісті деңгейде ұйымдастыру шараларын дереу қабылдауды тапсырды.

"Балалар каникул кезінде музейлерге, театрларға, қорықтарға, ұлттық парктерге, спорт нысандарына тегін кіре алуы қажет. Тақырыптық кездесулер, іс-шаралар, сапарлар ұйымдастыру керек", - деді Мамин. - Жазғы бос уақытты ұйымдастыру үшін меценаттарды белсендірек тарту қажет, өңірлерде жағымды мысалдар бар".

ҚР премьер-министрі жазғы демалыс шараларын ұйымдастыру аясында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталып өтіп, ішкі істер, білім беру, денсаулық сақтау органдарына, өңірлердің әкімдіктеріне тиісті қызметтердің жұмысын жұмылдыруды тапсырды.

Балалардың денсаулығын нығайту және қорғау, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында қоғамдық орындардағы тамақтану сапасына, тамақтану орындары мен бос уақытты өткізу орындарында санитарлық тазалыққа ерекше көңіл бөлу қажет.

"Барлық лагерлер медицина қызметкерлерімен және тиісті педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілуі тиіс", - деді Асқар Мамин.

pavlodarnews.kz

Тэги: