Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Иманзайыпов мәлім етті.

- Келіп түскен 806 шағым 2017-2018 жылғы жылу маусымына қарағанда екі есе көп, - деді Ержан Иманзайыпов. – Оның ішінде 361 жағдайда жылу беруші ұйымның кінәсі (төмен параметрлер), 111-інде - кондоминиум объектісін басқару органының кінәсі, ал, 121 жағдай расталмады. Жылумен жабдықтаудың болмауы бойынша 213 шағым қазан айының бірінші онкүндігінде кестеге сәйкес үйлерді қосу кезінде келіп түсті. Облыстың әлеуметтік нысандарын жылумен жабдықтау жылу беру маусымында іркіліссіз жүзеге асырылды.

Жалпы, өңірде жылу беру маусымы 2018 жылдың 17 қыркүйегінен басталып, 2019 жылдың 29 сәуірінде аяқталды.

Спикердің айтуынша, күзгі-қысқы кезеңнің басынан инженерлік желілерде барлығы 1403 ажырату тіркелді. Бұл өткен кезеңнен 4,5 пайызға кем. Оның ішінде электрмен жабдықтау желілерінде – 78 ажырату, жылумен жабдықтау желілерінде - 965 рет, сумен жабдықтау желілерінде - 360 рет ажырату орын алған.

Оразбек Саяхат
Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, жылу маусымы, шағым, ақау