Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында өңірлік энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Иманзайыпов мәлім етті.

- Павлодар қаласының Солтүстік бөлігінде 13-19 мамырда тексеру жұмысы жасалып, 88 ақау анықталды, - деді басқарма басшысы. – Қазір жөндеу жұмыстарына байланысты 325 көп пәтерлі үй ыстық сусыз отыр. Ал, шаһардың Оңтүстік бөлігінде 28 мамыр мен 2 маусым аралығында өтеді. Екібастұз қаласы бойынша 14-16 мамыр аралығында жылу жүйесін ең жоғарғы температурамен тексеру кезінде 9 ақау шықты. 83 көп пәтерлі үй ыстық сусыз отыр. 23-26 мамыр аралығында жүйелердің беріктігін тексеру жүреді. Ақсу қаласында 13-17 мамырда гидравликалық тексеру өтіп, 2 ақау тіркелді. Қазір барлық ақау жойылды. Бүгінде бір үйде ыстық су жоқ.

Басқарма басшысы өңіріміздегі ағымдағы жылға арналған негізгі жөндеу жұмысы жоспарларын да атап өтті.

- Облыстың электр станцияларында 33 бірлік негізгі жабдықты (10 энергоблок, 18 қазандық және 5 турбина) күрделі және кеңейтілген-ағымдағы жөндеу жоспарланған, - деді Ержан Иманзайыпов. – Электрмен жабдықтау желілерінде 2155 шақырым электр беру желілерін, 743 бірлік жабдықты жөндеу қолға алынады. Облыс әлеуметтік саласының 340 автономды қазандықтарының ішінен 319 қазандыққа ағымдағы жөндеу және 21 қазандыққа күрделі жөндеу жүргізілмек.

2019 жылы облыс орталығының барлық мектептері мен балабақшаларында жылумен жабдықтау жүйелерін ағымдағы жөндеу жоспарлануда (барлығы: 39 мектеп, 71 балабақша).

Айта кетейік, жылу беру маусымының басына 2420 көп пәтерлі тұрғын үй, 597 білім беру, 333 денсаулық сақтау және 269 әлеуметтік мәдени-тұрмыстық нысан дайындау жоспарланған.

Оразбек Саяхат
Фото: inform.kz және ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, жылу маусымы, жөндеу жұмыстары