Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Павлодар қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы 2019 жылғы 22 мамырда сағат 10.00-де электросирена арқылы дыбыс дабылын беру көмегімен қала тұрғындарының құлақтандыру жүйесінің тексерілуін жүргізеді, - деді баспасөз қызметінде. – Бұл дыбысты дабыл тұрғындары үшін «Барлығының Назарына!» дегенді білдіреді.

Бұл дабыл түскен уақытта, тұрғындарға теле-радио қабылдағыштарын қосып, ықтимал немесе туындаған табиғи және техногендік сипатттағы төтенше жағдайлар туралы, сонымен қатар басқа да маңызды ақпаратты тыңдау қажет.

- Қала тұрғындарынан сабырлықты сақтауды сұраймыз, - деді әкімдікте.

Фото: inform.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, дабыл