Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Гренландия және Антарктикадағы мұз жабындылары аумағының азаю қарқынына қарап ғалымдар әлемдік мұхиттардағы су деңгейінің нақты өсу қарқыны екі есе жоғары болуы мүмкін деген қорытындыға келді.

Климаттың өзгеруі салдарынан Лондон, Нью-Йорк және Шанхай қалаларын су басып қалуы мүмкін. Миллиондаған адамның өмір сүру үшін басқа орын іздеуіне тура келеді.

Америкалық Ұлттық ғылым академиясының журналында жарияланған ғалымдардың болжамына сүйенсек, атмосфераға СО2 шығындыларын тастау тоқтатылмаса, 2100 жылға қарай жаһандық орташа температура 5 градусқа және мұхит деңгейі 62-ден 238 см-ге дейін көтеріледі.

Осының салдарынан 1,79 миллион шаршы шақырым жер су астында қалып, 187 миллион адам мекендеу орнын өзгертуге мәжбүр болады.

pavlodarnews.kz

Тэги: