Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«15 мамырдағы оқыс оқиға бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Осыған байланысты 16 мамырдан бастап тәрбиеші уақытша жұмыстан шеттетілді. Қазіргі таңда ол кісі жұмыста жоқ», - деді №19 орта мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ләйла Атагөзина.

Естеріңізге сала кетейік, 15 мамыр күні Талдықорған қаласында мектеп жанынан ашылған шағын орталықтың екінші қабатынан екі жасар қыз бала құлап кеткен болатын. Алғашқыда балалар ауруханасының жансақтау бөліміне ес-түссіз күйде түскен бүлдіршін қазір есін жиды. Бірақ жансақтау бөлімінде емін қабылдауда.

pavlodarnews.kz

Тэги: