Семинарды Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырды.

- Аталған шараның пленарлық бөлімінде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырубойынша латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін оқыту мәселелері қарастырылды.Сондай-ақ, қазақ тілін оқыту жөніндегі типтік бағдарлама мен стандартталаптарын іске асыру үшін оқытушылардың жұмысындағы негізгі бағыттары талқыланды. Барлығы 50 адам қамтылды. Бұған дейін осындай семинар Екібастұзда өткізілген, - деді басқармада.

Көшпелі семинардың практикалық бөлімінде Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Бекен Сағындықұлы және қазақ тілін меңгеруге арналған курстардың, көптеген оқу-әдістемелік құралдардың авторы Шолпан Кинжикова қатысушыларға дәріс оқыды.

Дәріс барысында латын әліпбиін енгізудің тиімді әдістері, терминология жәнересми құжаттарда терминдерді қолдану, аудармадағы жиі кездесетін орфографиялық, пунктуациялық ережелерді ескеру мәселелері талқыланды.

pavlodarnews.kz

Тэги: