Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Сағат 19.40-та төртінші подъездің бірінші қабатында бір бөлмелі пәтерден өрт сөндірушілер екі баланы құтқарып қалды, - дейді департаментте. – Сондай-ақ, жоғарғы қабаттан сегіз ересек және алты бала сыртқа шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жау 10 шаршы метр аумақта техника мен жиһаздарды шарпыған. Оқиға орнында өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 7 адам мен үш техника жұмыс істеді.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Ақбота Сейсенбаева

Фото:  bnews.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: Ақсу, өрт, оқиға