С. Торайғыров атындағы ПМУ жаратылыстану және химиялық технологиялар факультеті және «Мониторинг» ғылыми-зерттеу экологиялық орталығының ғалымы Сергей Титов - Загреб университетінің биологиялық факультетінде (Хорватия) докторлық диссертациясын сәтті қорғаған алғашқы қазақстандық.

Ол профессор dr. sc. MladenKučinić мырзаның жетекшілігімен жазылған диссертациялық зерттеуінде «Қазақстанның Солтүстік-Шығыс қылан тәріздес қабыршаққанатты жәндіктердің фаунистикалық, таксономикалық және биогеографиялық ерекшеліктері» (Insecta, Lepidoptera, Noctuoidea) тақырыбында жүргізген зерттеу нәтижелерін паш етті.

Докторантурада білім алу PMF (Biološkiodsjek, Prirodoslovno – matematičkifakultet) жаратылыстану ғылымдары факультетінің базасында өтті.

- Noctuoide фaунасының егжей-тегжейлі сараптамасы алғаш рет жүргізіліп, Солтүстік-Шығыс Қазақстан аумағында кең тараған қабыршаққанатты жәндіктердің геоботаникалық, биотоптық, ландшафтты-биотопты, экологиялық, биогеографиялық, таксономикалық, фаунистикалық ерекшеліктері туралы мол ақпарат жиналды. Зерттеу барысында 485 түрі алынды. Оның ішінде әлемдік ғылымға бейтаныс болып келген көбелектің екі түрі табылды. Олар Orthosiaronkayorum және Victrixakbet деп аталады, - дейді Сергей Титов.

Салтанатты шара барысында Загреб университетінің ректоры DamirBoras түлектерді құттықтап, дипломдар және атаулы DR.SC медальдарымен марапаттады.

Айта кетерлігі, аймақта осы тектес зерттеулер бірінші рет жүргізілді.

Фото:  С. Торайғыров атындағы ПМУ баспасөз қызметі

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, білім