Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Ержанов мәлім етті.

- Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында емхана ұйымдарымен жазылып берілетін тегін дәрілер бар, - дейді Ерлан Ержанов. - Бұл препараттар дәрімен қамтамасыз ету ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі таңда дәрілердің бірыңғай жабықтаушысы «СК Фрмация» ЖШС-мен 1 млрд 300 препарат тиелген. Оның 80 пайызы қолға берілген. Бұл бағытта жұмыс жалғасады және дәрі-дәрмек бойынша үзіліс болмайды.

Спикердің сөзіне сүйенесек, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде науқастар 46 ауру бойынша амбулаторлық дәрілермен тегін қамтамасыз етіледі. Бұл шамамен 300-ден астам дәрі-дәрмек.

2020 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің нәтижесінде дәрілердің тізімін кеңейту жоспарланып отыр. Бұл тізімді оңтайландыру бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жұмыс жүргізуде.

- Дәрілердің бір бөлігі жергілікті бюджет есебінен алынады, - дейді Ерлан Ержанов. – Мысалы, өкпе гипертензиясы сияқты сирек кездесетін аурулар жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Ол үшін облыстық мәслихаттың шешімі бойынша республикалық бюджет арқылы амбулаторлық дәрілермен қамтамасыз етуге кірмейтін топқа 300 млн теңге бөлінген. Қазіргі таңда бұл тізімді кеңейту және жергілікті бюджеттен сатып алынатын нозологияны қосу қарастырылуда. Қаңтар айында жұртшылыққа нақты тізімі жарияланады.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ӨКҚ

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам