Павлодар қаласы жолдарды жөндеу секторының меңгерушісі Николай Казанин бұған дейін бұл жолдың ені 7-9 метр болғанын айтады.

- Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 129 миллион теңге бөлінген,- дейді Николай Казанин. - Жұмыс көлеміне радиустарды кеңейту, тротуарлар орнату енеді. Осылайша бұл жерде төрт жолақты қозғалыс пайда болады. Мамыр айының басында басталған жұмыстарды шілде айының ортасында аяқтау керек. Кепілдік мерзімі - 1 жыл. Іске кіріспес бұрын бірнеше мәрте радиустары, жаяу жүргіншілер жолағы жол полициясымен келісілді. Барлығын аяқтағаннан кейін таңбалар мен жол белгілері қойылады. Мұндай шешім Усолка шағын ауданында салынған бассейнге қарай көлік ағынының көбейетіндігіне байланысты қабылданды.

Бұдан басқа, 1 Мамыр көшесін Кривенко көшесінен Максим Горький көшесіне дейін кеңейтуге 103 млн теңге бөлінген. Бірінші кезеңде кеңейту жұмыстары маусым айында бір учаскеде Толстой көшесіне дейін басталып, «Су арнасы» магистраль желісін ауыстырғаннан кейін 1 Мамыр көшесінде жалғасады. «Дорстрой» ЖШС қала жолдарына техникалық жөндеу жүргізеді.

- Бүгінгі таңда негізгі көшелерде, одан әрі айналма жолдарда шұңқырларды жамау жұмыстары жүзеге асырылады, - дейді сектор меңгерушісі. - 1 Мамыр көшесінің тар болуына байланысты қаланың шығыс бөлігіне қарай жеті метрге кеңейтіліп, екі жақты қозғалыс болады. Ешбір нысан бұзылмайды. Келесі жылға қаражат бөлінсе, Киров және Толстой көшелерін күрделі жөндеу бойынша жоба жүзеге асырылады.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам