Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Бақдәулет Нұрмат мәлім етті.

- «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеяны іске асыру жағдайында эстетикалық және патриоттық тәрбие факторы ретіндегі оқушылар мен студенттердің шеруі көше-фестиваль шеруін қолдау және дамыту мақсатында өткізіледі, - дейді Бақдәулет Нұрмат. - Мерекелік шеру үрлемелі, қазақ ұлттық, орыс халықтарының оркестрлері, шекті аспаптар ансамбльдері, барабаншылар, маржореттер, черлидерлер, би және хор ұжымдарынан тұратын болады. Шараға жалпы 7000 мыңға жуық оқушы қатысады.

Қызықты репертуарлар, әртүрлі музыкалық аспаптар, шығармалардың шынайы көркемдігі, неше түрлі музыкалық қызметтерді біріктіріп орындау: ән айту, қозғалыс мәнері, аспаптарда ойнау; музыкалық ұжымдардың киімдері - мұның бәрі балалар мерекесінде есте қаларлық және ұмытылмас сәттердің біріне айналады.

Шеруге қатысатын музыкалық ұжымының әрқайсысы үшін бұл шеру көркемдік-эстетикалық дамыту нысанын, балалар, педагогтар және ата-аналардың шығармашылық жетістіктерін көрсететін таптырмас мүмкіндік.

Айта кетерлігі, облыс көлемінде оқушылар өз дайындықтарын әлеуметтік желілерге #pvlsheru2019 хэштегі арқылы жариялап, бүгінгі таңда  жарияланымдар саны 200-ге жуықтаған.

Фото:  edupvl.gov.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, білім