Бұл туралы Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Asian Grand Prix Series халықаралық турнирінде қазақстандық спортшылар төрт алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды, - деді баспасөз қызметінде. – Қазақстан атынан 14 спортшы сынға түскен болатын. Еліміздің жеңіл атлетшілері 8 жекелей сын мен 2 эстафета түрінен өз күштерін көрсетті.

Павлодарлық Ольга Сафронова 100 метр қашықтыққа жекелей жүгіруде 11:54 секунд нәтижемен алтыннан алқа тақты.

Сондай-ақ сапында Ольга Сафронова, Рима Кашафутдинова, Элина Михина және Светлана Голендова бар еліміздің командасы 100 метрлік эстафетаны 44:19 секунд жүгіріп өтіп үздік үштікті қорытындылады.

Ал, павлодарлық Дамил Сүтжанов өнер көрсеткен ерлер құрамасы 100 метрлік эстафетада мәреге 4-ші болып жетті.

Еске салайық, Павлодар облысының қос спортшысы 7 маусымда жеңіл атлетикадан халықаралық Гран-придің келесі кезеңінде бақ сынайды.

Оразбек Саяхат
Фото: @asianathletics

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, жеңіл атлетика, Ольга Сафронова, спорт