Бұл оқиға жайлы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова түсіндірді.

- Ұлттық бюроның Павлодар облысы бойынша департаментімен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ол облыстық медициналық мекемелеріне зарарсыздандыру жабдықтарына мемлекеттік сатып алуды жүргізу барысында артықшылық көрсету үшін жеке компания басшысынан 3 млн теңге сомадағы пара алуда күдікті деп танылуда, - дейді Жанна Бастарова.

Оның айтуынша, күдікті ұсталған және уақытша ұстау абақтысына орналастырылды. Бұлтартпау шарасын қабылдау бойынша мәселе шешілуде.

Тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешім оның кінәсінің дәрежесін анықтаумен сотпен шығарылады.

Облыстық соттың баспасөз хатшысы Маржан Құрманғалиева хабарлағандай, бұл істің материалдары сотқа келіп түспеген.

Instagram @ pvl_open парақшасында мүмкіндігі шектеулі балалардың аналары Ораз Мұқашевты қолдайтыны туралы видео пайда болды.

- Бізге ешқашан ешкім көмектеспейтін, әрқашан бас тартатын, - дейді аналар. - Ал, ол бізді тыңдап, көмектесуге тырысты.

2017 жылдың қыркүйек айында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін Ораз Мұқашев облыстық кардиологиялық орталықты басқарды.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам