Естай атындағы қалалық музыка мектебінде домбырада тегін ойын курстары ашылды.

- Домбыра өзінің өзектілігін жоғалтпады және бүгінгі күнге дейін көптеген заманауи музыканттар өз композицияларына қосады, - деп хабарлады мектеп директоры Медғат Манапов. - Біз биыл 7 шілдеде өтетін Ұлттық домбыра күніне арналған курстар ұйымдастырдық.

Музыкалық мектеп «Богатырь», «Восточный», ГРЭС-1, ГРЭС-2 разрездерінің өкілдерін курстарға шақырады. Жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмайды.

- Жастар жылы біз барынша көп  адамға домбырада ойнауды үйреткіміз келеді, - дейді Медғат Манапов. - Курстар күн сайын өтеді. Топтарды болашақ домбырашылардың жұмыс кестесіне байланысты ұйымдастырамыз. Оларды музыка мектебінің он педагогы оқытады.

Ұлттық домбыра күніне орай Екібастұзда бір мезетте 300 адам домбырада ойнайтын концерт дайындалып жатыр.

Томирис Бекжан

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, мәдениет