Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

«Осы жылдың 1-5 маусым күндері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық орындардағы қылмыстардың алдын алу, жалпы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін елімізде «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы өткізілді. Оған 18 мың полиция қызметкері қатысты. Іс-шараны қорытындыласақ, еліміз бойынша 2 мыңнан астам қылмыстың беті ашылды. Оның 642-і ертеректе жасалған. Одан бөлек, 5 кісі өлтіру, 47 кісі тонау, 58 әкімшілік құқық бұзу фактісі анықталды. Сондай-ақ, бұрын іздеуде жүрген 100 адам ұсталды», - деді Мақсат Байболов.

Комитет төрағасының дерегіне сүйенсек, 158 есірткі затын заңсыз сақтау оқиғасы тіркеліп, нәтижесінде 44,7 келі есірткі тәркіленген. Сонымен қатар, 135 дана атыс қаруы тәркіленген.

«Заңсыз қаруды тәркілеуге қатысты шаралар жүргізіліп жатыр. Алматы облысында учаскелік полиция қызметкері тұрғындардың бірінен 20 патронымен бірге АК автоматын тәркіледі. Құқық бұзушының үстінен тергеу басталды. Жалпы, осы секілді жедел алдын алу шарасы кезінде қалалар мен елдімекен көшелерінде, қоғамдық орындарда жедел жағдайдың жақсарғаны байқалады»», - деді Мақсат Байболов.

pavlodarnews.kz

Тэги: