Облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнар Аманжолова хабарлағандай, биылғы сайлау кезінде мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың дауыс беруіне барынша жағдай жасалған.

- Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін барлық сайлау учаскелерінде арнайы кабиналар орнатылды. Учаскелер мониторы бар компьютер, құлаққаптар, Брайль шрифтімен жазылған сайлау туралы ақпарат жинақталған арнайы бума, қосымша жарықтандыру құралдары, үлкейткіш әйнектермен жабдықталған, - дейді Гүлнар Аманжолова.

Өңірлік сайлау комиссиясы төрайымының сөзіне қарағанда, аумақтық сайлау комиссияларына дауыс беруге құқық беретін 5515 куәлік дайындап, тапсырды.

Облыстық сайлау комиссиясы кандидаттардың 1412 сенімді тұлғасын тіркеді.

Айта кетейік, Орталық сайлау ҚР Президенттігіне жеті үміткерді белгіледі: Олар: «Nur Otan» партиясынан Қасым-Жомарт Тоқаев, «Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысынан Сәдібек Түгел, «ҚР Кәсіподақтар федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігінен Амангелді Таспихов, «Ақ жол «Қазақстан демократиялық партиясынан» Дания Еспаева, «Ауыл» Халықтық-демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінен Төлеутай Рахымбеков, «Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы» қоғамдық бірлестігінен Жамбыл Ахметбеков және «Ұлт тағдыры» ұлттық патриоттық қозғалысы қоғамдық бірлестігінен Әміржан Қосанов.

Айбек Жұматов

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: сайлау, президент, учаскелер, дауыс беру