Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Кезектен тыс Президент сайлауы заңға сәйкес, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 07:00-де басталды, енді 20:00-ге дейін жалғасады.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конститутциялық заңның 8-бабының 1-тармағына сәйкес, кезектен тыс Президент сайлауы жергілікті уақыт бойынша 07:00-де басталды. Бізге келіп түскен ақпараттарға сәйкес, 8023 сайлау учаскесі жұмысқа кіріскен. Аталған учаскелерде сайлаушылар тізіміне енгізілген 9 627 073 адам бар. Ал уақыт белдеуіне байланысты Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында сайлау бір сағат кейін басталады. Жалпы, еліміз бойынша 9968 сайлау учаскесі бар", - дейді ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылдың 1 қаңтарындағы есебі бойынша 11 814 019 Қазақстан азаматының сайлауға дауыс беру құқығы бар.

Президент сайлауы -2019: Үміткер 7 кандидат төмендегідей:

· Жамбыл Ахметбеков – "Қазақстан комунистік халық партиясы",

·Дания Еспаева – "Ақ жол" партиясы,

·Әміржан Қосанов – "Ұлт тағдыры" қозғалысы,

·Төлеутай Рахымбеков – "Ауыл" партиясы,

·Амангелді Таспихов – Қазақстан кәсіподақтар федерациясы,

·Қасым-Жомарт Тоқаев – "Нұр Отан" партиясы,

·Сәді-Бек Түгел – "Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысы.

pavlodarnews.kz

Тэги: