№15 сайлау учаскесіне келген өңір басшысы учаске ашылған сәтте, яғни таңғы жетіде келді. Дауыс беру кабинасына ол алғашқылардың бірі болып кірді. Дауыс беруге Болат Бақауовтың жұбайы да қатысты.

Сайлау учаскесіне келгендер ішінде 86 жасар Иния Шафигулина да болды.

- Дауыс беруге үнемі қатысамын, дейді әже. - Ерте тұрамын, сол себепті таңертең бірден дауысымды беруге келдім.

№15 сайлау учаскесінде 1633 дауыс беруші тіркелген. Олардың 24-і үйден дауыс береді.

Арслан Ғалымбек
Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: сайлау, президент, учаскелер, дауыс беру, Болат Бақауов