Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

 - Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы - біз үшін маңызды оқиғалардың бірі, - деп атап өтті Әнуар Күмпекеев. - Бүгін мен өз елінің азаматы ретінде жұбайыммен азаматтық парызымды орындап, 75-нөмірлі сайлау учаскесінде дауыс беруге келдім. Қала тұрғындарын осы айтулы күнмен құттықтағым келеді. Бүгін павлодарлықтардың өз таңдауын жасайтынына сенімдімін.

Еске сала кетейік, бүкіл ел бойынша сайлау учаскелері сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Фото: Әлібек Дженалинов

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам