Бұл туралы елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры Айнұр Мәжитова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, сайлау күні «Қоғамдық пікір» институты Exit poll-дың стандартты әдістемесі бойынша, сайлау учаскесіне барған сайлаушылар арасында сауалнама жүргізді. Оларға «Сіз қай кандидатқа дауыс бердіңіз?» деген бір ғана сауал қойылды.

Сонымен, Exit-poll нәтижесі келесідегідей: Қасым-Жомарт Тоқаевқа - 70,13 пайыз, Әміржан Қосановқа - 15,39 пайыз, Дания Еспаеваға - 5,32 пайыз, Жамбыл Ахметбековке - 3,86 пайыз, Төлеутай Рақымбековке - 3,03 пайыз, Амангелді Таспиховқа - 1,41 пайыз, Сәді-Бек Түгелге - 0,86 пайыз дауыс берілген.

pavlodarnews.kz

Тэги: