Тек батыста және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республиканың кей жерлерінде найзағай, екпінді жел, дауыл және бұршақ болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының жекелеген аумағында найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Кызылорда облысында күндіз кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с артады.

Жамбыл, Түркістан облыстарының жекелеген жерлерінде найзағай, дауыл болжанады. Бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Алматы, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с артады. Қостанай облысының жекелеген аумақтарын тұман басады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші - 15-20 м/с.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, күндіз найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз дауыл тұруы ықтимал. Желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, тұман болжанады.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: