Ішкі саясат бөлімінің хабарлауынша, қазіргі таңда Аққулы ауданында Қытай елінен қоныс аударған 40 шақты отбасы тұрады.

- Біз 2010 жылы Талдықорғанда орналасқан едік, - дейді Долан Айтқали. – Өткен жылы ол жақтан «Еңбек» бағдарламасы аясында Малыбай ауылдық округіне көшіп келдік. Қазіргі таңда ауыл әкімдігінде күзетші болып жұмыс істеймін. Төрт баламыз бар. Үлкені 12-де, кішісі – жеті айлық. Жұбайым үй шаруасындағы ана. Еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс бердік. Бұл сайлау әділ әрі жоғары деңгейде өтті деген сенім мол.

Еске сала кетейік, 9 маусымда Павлодар облысы бойынша сайлауға қатысу 79,5%-ды құрады. Дауыс беру күні өңірде барлығы 543 сайлау учаскесі жұмыс істеді.

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам