Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының хабарлауынша, қазақстандық әнші Айқын Төлепберген, q-pop-орындаушы Зируза Тасмағамбетова, сондай-ақ Қарағандыдан келген орындаушы Bonapart қатысады.

- Кеш жүргізушілері актер, вайнер Шәріп Серік-Shakenti және әнші, актриса әрі тележүргізуші Кәмшат Жолдыбаева болады, - деп нақтылады ведомстводан. - Бұдан басқа, Иса Байзақов атындағы облыстық филармония мен облыстық халық шығармашылығы орталығы, «Шаңырақ» мәдени-сауық орталығының әртістері өнер көрсетеді.

Эстрада жұлдыздары Павлодар қаласына  түлектер сауалнамасының қорытындысы бойынша шақырылды.

Түлектер кеші 2019 жылы 12 маусымда орталық стадионда өтеді. Басталуы сағат 19:00-де.

Еске сала кетейік, биылғы жылы мектепті 3590 павлодарлық түлек бітірді. Олардың 159-ы «Алтын белгі» белгісіне, 126-ы үздік аттестатқа үміткер. Павлодарлық оқушылар ұлттық бірыңғай тестілеуден 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді.

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, мәдениет