Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы хабарлағанлай, 2018 жылдан бастап Павлодар облысының 32 ауылдық округінде төртінші деңгейдің дербес бюджеттері енгізілді.

- 2018 жылдың қорытындысы бойынша оң нәтиже ретінде 26 ауылдық округ бойынша 53 миллион теңгеге кіріс бөлімінің асыра орындалуын атап өтуге болады, - деп хабарлайды облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы. - Асыра орындаудың барлық сомасы ауылдық округтер әкімдеріне жергілікті қоғамдастықтың мәселелерін шешуге материалдық ынталандыру ретінде қосымша бағытталды.
Меншікті кіріс көздері бойынша неғұрлым көп сома Ертіс ауылдық округінде - 7,5 миллион теңге. Жиналыс шешімі бойынша осы қаражат Ертіс ауылында Жастар гүлбағын жайғастыруға бағытталды.

Павлодар қаласының ауылдық аймағы бойынша 2018 жыл ішінде асыра орындалу сомасы 5,9 миллион теңгені құрады, оны көгал шөпті шабу, ауылдарды санитариялық тазалау, кентішілік жолдардағы шұңқырларды жөндеу секілді ағымдағы мәселелерді шешуге бағыттау шешім етілді.

Бірінші тоқсанда қаражатты ауылдық дербес бюджеттерге табыстау бойынша тиісті рәсімдер жүргізілді, қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер өтуде және маусым айында барлығы жобаларды іске асыруға кіріседі.

pavlodarnews.kz

Тэги: бюджет, төртінші деңгей, Ертіс ауданы