Бұл туралы агенттікке облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Nurly Ertis» бағдарламасы бойынша Павлодар облысына келген Екібастұздың жаңа тұрғындарын ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жеке компанияларға жұмысқа орналастыруда. Қоныс аударушылар арасында медицина және оқу орындарының қызметкерлері бар.

- Елордадан қоныс аударушы 337 адамның 100-і еңбекке жарамды, - дейді Екібастұз қаласы әкімдігі жұмыспен қамту орталығының маманы Айгүл Шабекова. – Уәде етілгендей, бүгін біз оларды жұмысқа орналастыру мәселесімен айналысудамыз. 28 адам бала күтіміне байланысты демалыста. 21-і жұмысқа орналасып, тағы 12 адам жұмысқа орналасуға бағытталды. 39 қоныс аударушыға бос жұмыс орнын қарастырудамыз. Үш отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Екібастұзға ата-анасымен келген 237 баланың барлығы дерлік балабақшаға немесе мектепке бекітілген. Әкімдікте жаңа оқу жылынан бастап барлық балалар балабақшаларға немесе мектепке барады деп жоспарлап отыр.

Дулат Райымбек

pavlodarnews.kz

Тэги: Екібастұз, көп балалы отбасы, көмек