Облыстық әкімдікте өткен жиында қой етін сату мәселесі қаралды.

Бүгінде қой шаруашылығымен айналысатын Баянауыл ауданынан ет Павлодар, Нұр-Сұлтан және Қарағандыға жеткізіледі. Бұл ретте қой етін қайта өңдеумен іс жүзінде ешкім айналыспайды.

Ал, ауданда ұсақ малды сою бойынша кәсіпорын салуды жергілікті билік әзірге жоспарлап отырмаған көрінеді.

- Сіздер өздеріңіз талдау жүргізіңіздер, содан кейін келісесіздер немесе бұл идеядан бас тартыңыздар, - деді облыс әкімі ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдеріне. - Өңірде қой етін өткізуге байланысты мәселе туындап отыр. Баянауылда модельді шаруа қожалығын ашу керек. Осы іспен айналысатын кәсіпкерді таңдап алу қажет. Бүгінде  бір келі қозы етінің өзіндік құны ең көп дегенде 250 теңге тұрады. Ет 1100-1200 теңгеден сатылады. Егер мұндай жоғары айырмашылық болса, неге адамдар айналыспайды?

Сонымен қатар, әкімдік Павлодарда логистикалық орталық салу жобасын талқылады. Өңір басшысы мұндай нысан үшін барынша жақын болатын учаскені таңдап алуды тапсырды. Жауапты тұлғалар бір апталық мерзімде логистикалық орталық орналасатын үш нұсқаны ұсынуы тиіс.


Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам