Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Мектеп бітіру кештері өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті күзетуге барлығы 1000-нан астам полиция қызметкері, қоғамдық тәртіпті күзетуге және мектеп түлектерін сүйемелдеуге 88 автопатрульдеу жұмылдырылады, - деді баспасөз қызметінде. – Сондай-ақ бұл күні Ертіс өзенінің акваториясын патрульдік катер және салт атты полицейлер патрульдейтін болады. Осыған байланысты жол қозғалысының қатысушыларын жолда сақ болуларын сұраймыз, өйткені мектеп түлектерін автобуста полицейлер мен ата-аналар сүйемелдейтін болады.

Келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін полицейлер ойын-сауық мекемелерінің, сауда нүктелерінің иелеріне алкагольдік өнімдерді сатуды шектеу, сонымен қатар 21 жасқа толмаған жас адамдарға сатпауды сұрайды. Оған қоса, кешкі уақытта полицейлер ойын-сауық мекемелерінде ата-анасыз жүрген кәмелетке толмағандардың болуын тексеру рейдтік іс-шаралар жүргізуді жоспарлауда.

- Ереже бұзушылық анықталған жағдайда мекеме иелері ҚРӘҚжК 132-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады, - деді департаментте. – Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің сүйемелдеуісіз болуына жол бергені үшін 10 АЕК-тен 50 АЕК көлеміндегі айыппұл, ата-аналары ҚРӘҚжК 442-бабының 1-бөлімі, 2- бөлімі, 3-бөлімі бойынша – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын-жайдан тыс жерде заңды өкілдерінің сүйемелдеуінсіз болғаны үшін ескертуден бастап 15 АЕК көлеміне дейін айыппұл салынады.

2019 жылдың басынан бастап 139 мекеме иесі алкагольдік өнімді сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын-жайдан тыс жерде заңды өкілдерінің сүйемелдеуінсіз жүргені үшін 1722 адам жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, облыс бойынша оқу жылының аяқталуына байланысты 2019 жылғы 12 маусымда «Жас толкын - 2019» мектеп бітіру кештері өткізіледі. Павлодар қаласында өткізу орны «Орталық стадион», Екібастұз қаласында «Шахтер» стадионы, Ақсу қаласында «Мемлекеттік рәміздер» алаңы, аудандарда Мәдениет үйлері мен мектептер.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, мектеп бітіру кеші, түлектер, білім