Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылғы 9 маусымда бақ шаруашылығында жұмыс істейтін 25 жастағы ер адам көлемі 200 литр темір бөшкені ұрлап, өзінің саяжай аумағына апармақ болған.

- Бақ шаруашылығы аумағын патрульдеу кезінде қүзетшілер бөтен машинаны көреді, - деді департаментте. – Тәртіп сақшылары оны тоқтатып, таксистпен бірге сол аумаққа келгенде күдіктіні ұстайды. Заттай айғақ ретінде полицейлер темір бөшкені алып, заңды иесіне қайтарды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Грамоталарды табыс еткен Павлодар қаласы полиция басқармасының бастығы Нұрмагамбет Әбдірахманов осындай әрекеттер басқа адамдарға да белсенді өмірлік ұстанымның үлгісі болсын деп атап өтті.

Сонымен қатар, Оңтүстік ПБ полицейлерімен бақ шаруашылығының біріндегі саяжай аумағынан еркін кіру жолымен 4 темір құбыр ұрлаған 40 жастағы павлодарлық ұсталды. Аталмыш факті бойынша тексеріс жүргізілуде.

Фото: Светлана Воронова

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам