Қалалық білім беру бөлімінің хабарлауынша, музыка және хореография мұғалімдері «Жоқ!» деп айтайық» атты флешмобтың музыкалық және би композициясын дайындаған. Шараға 169 оқушы қатысты.

- Мектеп жанындағы лагерьде 1-11 маусым аралығында мектептің 1-6 сыныптардың 180 оқушысы демалады, - дейді бөлімде. - Осы кезеңде балалар облыстық көркемсурет мұражайында Павлодар қаласы ЮНЕСКО клубы Балалар көркемсурет мектебі түлектерінің көрмесіне, Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Көне сағаттар әлі жүріп тұр...» көрмесіне барды.

240 оқушы 2 маусымнан 12 шілдеге дейін демалады.

Мектепте 1-10 сынып аралығында 1182 оқушы білім алады. Жазғы кезеңде мектеп жанындағы және бейінді лагерлерде демалумен, сауықтырумен, мектеп жанындағы учаскеде, еңбек отрядтарында жұмыспен және спорттық жаттығулармен 85,4% оқушы қамтылады.

Ж. Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында «Қожа және спорт» театрланған қойылымға, қызығушылықтары бойынша шеберлік сағаттарға бару жоспарлануда.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, білім