Бұл туралы BAQ.KZ хабарлайды.

Айта кетейік, бұған дейін Бас прокуратура заңсыз митингтерді, шерулерді ұйымдастыруға және қатысуға жол берілмейтіндігін түсіндірген болатын.

Осыған қарамастан, әлеуметтік желілерде жекелеген адамдар еліміздің ірі қалаларында осындай акцияларды өткізуге арандатушылық шақырулар таратуын жалғастыруда.

«Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне күш көрсетуге және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнің жұмысына кедергі келтіруге итермелеуде.

Бас прокуратура заңды сақтауға, рұқсат етілмеген жария акциялар ұйымдастырудан және оларға қатысудан бас тартуға қайта шақырады», - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Сонымен қатар, ведомство заңсыз әрекеттерге қатысы бар тұлғаларға заңнама шеңберінде қатаң жаза қолданылатыны, тіпті, қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескерткен.

pavlodarnews.kz

Тэги: