Ертіс ауданының ішкі саясат бөлімі өкілдері хабарлағандай, ауылдағы супермаркетті аудан әкімі Серік Батырғожинов салтанатты түрде ашты.

- Мұндай сауда орталығының ашылуы ауданымыз үшін айтулы оқиға, - деді Серік Батырғожинов. – Бұл супермаркет ауыл тұрғындарын кең көлемдегі тауарлар ассортиментімен қамтып, азық-түлік қолжетімді бағалармен сатылады деп сенеміз. Біз ауыл тұрғындары тұрмысының жайлылығын арттыру бағытындағы жұмысты жалғастырамыз.

Аталмыш сауда орнында ақшасыз есеп айыру мүмкіндігі бар. Сонымен бірге, кейбір тауарлар арзан бағалармен сатылады. Супермаркет басшылығы атап өткендей, мұндағы наубайханада 20-дан астам нан-тоқаш бұйымдарын шығару көзделуде.

Ертіс ауылындағы Inmart дүкенінде 11 адам жұмыспен қамтылды.

Естеріңізге сала кетейік, облыс аудандары ішінде тұңғыш супермаркет 18 сәуірде Тереңкөл ауылында ашылған болатын.

Айбек Жұматов

pavlodarnews.kz

Тэги: Ертіс ауданы, сауда, экономика, Серік Батырғожинов, Inmart