Лицей-интернаты қамқоршылық кеңесінің төрайымы Әлия Мұқажанованың айтуынша, мұндай іс ата-аналар кеңесінің бастамасымен және демеушілердің қолдауымен жүзеге асырылған.

- Қамқоршылық кеңесі бүлдіршіндеріміздің маман және адам ретінде дамуы үшін қолдан келгенін жасайды, - дейді Әлия Мұқажанова. - Білім беру мекемелерінде әрбір мектептегі оқушылар құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қамқоршылық кеңестер құрылғаны белгілі. Олардың жалпы саны 400-ден асады. Қайырымдылық көмек көрсету үшін шоттар ашылды. Мектептің шотына көмек ретінде түскен ақшалай қаражат қамқоршылық кеңесінің шешімі бойынша ғана жұмсалады. Ақша қаражатын мақсатсыз пайдалану және сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің көрінісі толығымен жойылады.

Лицейдің өміріне араласып жүрген қамқоршылық кеңесі әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасылардың балаларына да көмек қолын созып, қатардан қалдырмай жүруге де үлес қосуда.

Айта кетерлігі, білім беру мекемесі жаңа форматтағы қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті облыстық білім беру басқармасының басшысы өз атынан жариялаған байқауға   орай кабинетті ұлттық, заманауи форматта жасап шығарып, бас жүлдені жеңіп алған.  

 

Томирис Бекжан

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам