Мектеп бітірушілерге арналған «Жас Толқын 2019» кеші Орталық стадионда өтті. Былтыр бұл мереке қалалық жағалауда өткізілген болатын.

Мектеп түлектерінің 157-сі оқуын «Алтын белгіге» аяқтаса, 126-сы үздік бітірген деген аттестаттарға ие болады.

Мұғалімдердің ұйымдастырған флешмобы кештің көркін қыздырды. Осылайша сынып жетекшілері оқушыларымен қош айтысты.

- Көңіл-күйіміз жақсы, балалар да көңілді, - дейді №3 гимназияның физика мұғалімі Татьяна Брус. – Мектеп бітіру – бұл жаңа өмірге жасалған алғашқы қадам. Түлектеріміз алғыр, ақылды. Балалар дұрыс жолды таңдап, табыстарға жете беруіне тілектеспін.

Облыстық білім беру басқармасында ақпарат бергендей, 2019 жылғы түлектер арасында 17 республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сегіз түлек – республикалық ғылыми жарыстардың жүлдегерлері. Сонымен бірге, мектеп бітірушілер арасында спорттық жарыстар жеңімпаздары да бар.

- Құрметті түлектер, сіздер өңіріміздің ғана емес, бүкіл елдің экономикасын, білім беру саласы мен технологияларын дамытуларың керек, - деді құттықтау сөзінде өңір басшысы Болат Бақауов. – Мақсатқа жету үшін еңбектену керек. Үлкен жолды бастағалы тұрсыңдар және де сол жолдың алғашқы қадамын жасадыңдар.

 

Өңір басшысы үздік деген оқушыларды «Алтын белгілермен» марапаттады.

- Мен қатты толқыдым. Қазір «Алтын белгі» алғаныма қуанып тұрмын. Осы үшін 11 жыл бойы еңбектендім. Болашақта программист болғым келеді. Математика бойынша олимпиадаларға қатыстым. Мәскеуге барып оқуға түссем бе де отырмын. Кейін алған білімімді елімізді көркейтуге жұмсағым келеді, - дейді түлек Руслан Малюгин.

Осы жолы мектеп бітірушілерге арналған концертте 70 әртіс өнер көрсетті.

Мерекелік ән кеші қазақстандық эстрада жұлдыздары Айқын Төлепбергенов, Зируза Тасмағамбетова, Bonapart және Иса Байзақов атындағы облыстық филармония және «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-ойын сауық орталығының өнерпаздарының қатысуымен өтті.

Арслан Ғалымбек

Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: білім беру, мектеп түлектері, мектеп бітірушілер, Болат Бақауов