Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, іс-шара ақпараттандыру мен байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарды ашуға және алдын алуға бағытталған.

- Сонымен қатар, іс-шара кезінде еркін айналымда тыйым салынған өнімдерді таратушы, дайындаушы тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар атқарылды, - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметінде. - Өткізілген шара барысында тәртіп сақшыларымен 6 құқық бұзушылық анықталды. Ақпараттық жүйе қолданушыларына қатысты 20 алаяқтық фактісі ашылды.

Hi-tech шарасы барысында ғаламтор сайты арқылы алдау және сенімге кіру жолымен қала тұрғынының 100 000 теңге қаражатын иемденген 45 жастағы облыс тұрғыны анықталып, ұсталды. Аталмыш фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

pavlodarnews.kz

Тэги: интернет, ғаламтор, полиция, қауіпсіздік