Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Бағдәулет Нұрмат мәлім етті.

- Аталған білім сайысына Павлодар облысынан VІ облыстық математикалық турнирінің жеңімпаз командалары қатысты, - деді Бағдәулет Нұрмат. – Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің және дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының шәкірттері жақсы нәтиже көрсете білді.

Жеке біріншілікте дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 2, 3 сынып оқушылары Василина Смирнова және Дмитрий Манин 3-орын еншіледі.

«Дарын» РҒПО-ның Құрмет грамотасына дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 4 сынып оқушысы Дмитрий Титков және дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің оқушылары Нұрсұлтан Юсупов, Әмина Изуева, Асанәлі Қали ие болды.

Айта кетейік, Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының қолдауымен турнирдің барлық қатысушыларына үш тілде құрылған естелік кітаптары, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сыйлық сертификаттары табысталды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, математика, білім