Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Заңгерлер одағының негізгі міндеті - ел президентін сайлауға қатысатын сайлаушыларды құқықтық тұрғыда ағарту. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы жарияланған сәттен бастап, «Заңгерлер әділ сайлау үшін» республикалық қоғамдық бірлестігі сайлау процесінің әрбір кезеңі бойынша баспасөз мәслихаттарын өткізді. Заңгерлер сайлау жарияланғаннан бастап кандидаттарды ұсыну және тіркеу сәтінен, сайлау алдындағы үгіт жүргізуден тыныштық күніне дейін барлық кезеңде құқықтық түсініктемелерді беріп отырды», - деді Серік Ақылбай.

Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы өз сөзінде заңгерлер сайлаудың барлық кезеңдеріне құқықтық баға бергенін тілге тиек етті.

«Осы кезеңде заңгерлер одағы біздің сайлаушыларды алаңдатқан бес ақпараттық бюллетен шығарды. Заңгерлер одағы мен оның өңірлік өкілдіктері таңертеңнен бастап сайлау учаскелерінде жұмыс жүргізіп, азаматтарға кеңес беріп, олардың құқықтарын түсіндіріп берді. Заңгерлеріміздің бәрі республиканың түкпір-түкпірінен жоғары белсенділікті ерекше атап өтті. 17 өңірден 3 мың заңгер сайлау учаскелерінде жұмыс жүргізді. Біздің өңірлердегі өкілдіктердің мәліметтері бойынша, жалпы, Президент сайлауы - сайлау заңнамасының талаптарына сай өткізілді», - деді Серік Ақылбай.

Еске сала кетейік, кеше жаңадан сайланған Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президентін ұлықтау рәсімінде халқына адал болуға ант берген болатын.

pavlodarnews.kz

Тэги: