Бұл туралы ҚазАқпарат  хабарлайды.

Бұл жаңалықты ол өзінің Instagram парақшасында жариялады. «Бір сағат бұрын менің алғашқы жеке альбомым шықты.

37 секунд ішінде «платина» деңгейіне жетті. Ал бір сағатта 3 мәрте «платиналық» сатылым мөлшеріне шықты. Өте бақыттымын. Мені барлық бастамаларымда қолдап келе жатқан тыңдармандарыма көп рахмет. Менің табысым сіздердің арқаларыңызда», - деп жазды ол өз парақшасында. Музыкалық альбомға «платина» деңгейі сатылым мөлшерімен белгіленеді. Оның шегі әр елде әрқалай екенін айту керек. Шоу-бизнесі дамыған АҚШ-та бұл деңгей 1 млн сатылымнан басталса, Ресейде 100 мыңдық сатылыммен өлшенеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: