- «Жас ұрпақ» әкімшілігі жастардың өздерінің тұрғын үйлерін сатып алуы үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, - дейді облыстық білім беру басқармасында. - Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі Әлішер Шахманов 11-маусымда Павлодар қаласында аумағы 32 шаршы метр бір бөлмелі пәтер сатып алды.

2009 жылы Мичурин балалар үйі Әлішердің атына «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақтау банкі» АҚ-да есеп шот ашқан. Биылғы жылдың желтоқсан айында 23 жасқа толған жігіт жастар үйінен шығады. Сондықтан «Жас ұрпақ» әкімшілігі «ТҚЖБ» АҚ-да жиналған ақшасына жеке тұрғын үй алуды ұсынды.

Жаңа баспанаға жұмсақ жиһаз сыйлаған Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің түлектеріне Әлішер шын жүректен ризашылығын білдірді.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, білім